Қостанай облысы

Түркібай әулие Ақанұлының жерленген жері

Нысан мерзімі: ХIХ ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Наурызым ауданы, Қарамеңді-Өлеңді тасжолынан 11 шақырым жерде.

Түркібай әулие (1759-1832) дүйім елге танымал әулие болды, емшілік қасиет әкесі Ақаннан дарыған. Бір күні  Ақанның үйіне Жолшара Әулие ат басын бұрып келген екен. Дастарқан басында отырғанда үй иесі балаларын нағашысына сынатып алуға шешім қабылдайды.  Екінші бала – жеті жасар Түркебайды алып келгенде, – Өн бойында тұнып тұрған қасиет бар екен, аты алты алашқа тарайды. Уақыт өте келе, бала өзгеріске ұшырайды, сақ болыңдар! – деп Жолшара әулие атына қонып, жолға аттаныпты. Түркебай атамыз қатты ауырып жатқанда, түсіне ақ киімді кісі келіп, мүсіркей қарап, басынан сипап, байланған аяқ-қолын босатқан екен. Көзін ашып атып тұрғанда, әз әулие Жолшара ғайып болады. Атамыздың бой басы жазылып, ауруынан айығады. Алланың берген қасиетімен адам баласына ем жасай бастайды. Аңыз бойынша, қайтыс болар алдында Түркібай ата «Менің күшім 200 жыл сақталады» деген екен. Әулие Түркібай ата бейітінің басына барған әрбір адам дініне қарамастан жол бойындағы белгі тастардың немесе бейіт басындағы тастардың астына садақа қойып, құран бағыштап, тілек тілейді. 2017 жылы әулие жерленген жердің жанында зиярат жасауға келгендерге арналған жаңа үй салынды.

Басқа материалдар

Back to top button