Алматы қаласы

ВОЗНЕСЕНСК КАФЕДРАЛЫ ШІРКЕУІ

Алматы қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың батырларына арналған 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы ішінде орналасқан.

Вознесенск кафедралы шіркеуі – инженерлік құрылыстың бірегей түрі, биіктігі – 56 м. Оның құрылысы Түркістан мен Ташкенттің мәртебелі епископы Паисийдің (Виноградов) бастамасымен 1903 жылы 26 қыркүйекте Алматыда басталады. 1906 жылы алғашқы келушілерді қабылдайды. Ғимарат Тянь-Шаньнің көгілдір шыршасынан А.П. Зенковтың (Верный қаласының алғашқы сәулетшілерінің бірі) жобасы бойынша салынады. Шіркеу қабырғаларын жергілікті суретші Николай Хлудов безендіреді. Құрылыс материалдары империяның түкпір-түкпірінен жеткізілді: цемент Ташкенттен, метлах тақталар «Косъ и Дорръ» зауытынан, қағаздан жасалған көркем бұйымдар Санкт-Петербургтегі З. Ковалевский фабрикасынан, никельденген темір бұйымдар Туладағы атақты В. Земцов зауытынан, бояулар Мәскеуден, ал иконалар Киевтегі А. Мурашконың көркемсурет шеберханасынан әкелінді. Сәулетшілердің талантының арқасында шіркеу жер сілкінісіне төзімді құрылыс нысанының үлгісі болды. Уақыт пен табиғаттың талай дүлейіне мызғымай келеді. 1911 жылы 10 балдық жер сілкінісі де шіркеуге зиян келтіре алмады. Шіркеу өз тарихында талай мәрте қолдан-қолға өтті.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=99

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button