Қостанай облысы

Ыбырай Алтынсарин кесенесі

Нысан мерзімі: 1991 жыл, 2017 жылы қайта қалпына келтірілді.

Нысанның орналасқан жері: Қостанай ауданы, Мичурин ауылынан  0,5 шақырым жерде.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ғалым-этнограф, ақын және прозашы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушыларының бірі, орыс графикасының негізінде қазақ әліпбиінің нұсқасын жасаушы.

Ыбырай Алтынсарин 14 оқу орынын ашып, қазақ халқының зайырлы білім беру жүйесінің бастамасын қалады. Ол «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарының, «Шариғат-ул-ислам» кітабының авторы.Ы. Алтынсариннің бейітіне ескерткіш үш мәрте: 1960 жылы, 1981 жылы, 1991 жылы орнатылды. Ы. Алтынсариннің 150 жылдығына орай бұрынғы ескерткіштің орнына порталды-күмбез түрінде қызыл кірпіштен кесене тұрғызылды.

2017 жылы кесенені қайта қалпына келтіріп, аумағы мен биіктігі ұлғайтылды. Әрлеу үшін Маңғыстау облысынан әкелінген ақ әктас-ұлутас және гранит пайдаланылды. Бұдан өзге барлық іргелес аумақ абаттандырылып, жарық орнатылды, іс-шараларға арналған алаңдар қарастырылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button