Ақмола облысы

Абылай ханның Қызыл ағашы

Бізге жеткен аңыз бойынша Көкшетаудың маңында Абылай ханның есімімен байланысты Үлкен және Кіші алаң болған. Абылай ханның басты алаңы «Абылай ханның Қызыл ағашы» деген жерде орналасқан деп айтуға толық негіз бар. Осында Бурабайдағы Абы­лай хан атындағы музейдің негізін қалаушы, көкшетаулық өлкетанушы Әмина Тұрсынбаеваның ұсынысымен ақын Мағжан Жұмабаевтың жыр шумақтары ойып жазылған мәрмәр тас жиырма жыл бұрын орнатылған:

 

Ертеде жел өтпейтін Қызыл агаш,

Дариға, бүл күндерде жап-жалаңаш.

Қабірінен әулиенің Алашқа артық,

Ертеде Абылайға Орда болған ағаш.

 

Дәл осы алаңда Абылай хан өз пікірлестері мен жақтастарының, халық батырлары Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Байғазы, Жәнібек, Малайсары, Баян және тағы басқалардың айналасында отырып, қазақ даласы үшін барлық маңызды, тағдыр шешілетін шешімдерді қабылдаған. Мұнда хан құрылтай, әскери жиналыстар, тағы да басқа көлемді іс-шаралар өткізіп отырған. Көкшетау тауының шығыс бөлігіндегі алаң «Абылай хан алаңы» деп аталды. «Ханның Қызыл ағашы» деген топониммен бірге «Ханның Қызыл үйі» деген түсінік қалыптасқан, бұл жоғарыда аталған орыннан солтүстік-батыс бағытында орналасқан «Абылай ханның ордасы» деген ұғымды білдіретін.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button