Қостанай облысы

Албарбөгет (Айса бөгеті)

Нысан мерзімі: 1924-1926 жылдар.

Нысанның орналасқан жері: Жангелдин ауданы, Қабырға өзенінің алқабы.

Бөгет Қабырға өзенінің алқабында ел қамын ертеден ойлаған Торғайдың тұңғыш гидротехнигі Айса Нұрманұлының басшылығымен орнатылған. Құрылыс екі жыл бойы қол күшімен 1924 жылдан 1926 жылдар аралығында салынады. Қабырға өзенін бөгеген ұзындығы 17 шақырым болатын бөгет бір техникасыз, адамдардың таза қол күшімен салынды. Екі болыстың адамдары екі жыл бойы жаз шыққаннан мұз қатқанша осында топырақ тасып, жұмыс істеді.

Албарбөгетке пайдаланылған бөренелерді 400 шақырымдағы Аманқарағайдан түйе керуенімен тасымалдаған. Су екпіні топырақты жырып кетпеу үшін шыбықтан шыпта тоқылып, бөгеттің жел жақ бетіне топырақ салынған қапшықтар үйілді.

Торғай халқы осы бөгеттің салынуына қатысқан 160-қа тарта адамды мәңгі естерінде сақтайды. Ел ішінде жобаның авторы әрі құрылысын жүргізуші Айса Нұрмановтың есімімен «Айса бөгеті» деп те атайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button