Ақмола облысы

Ақан серінің ғашығы - Ақтоқтының жерленген жері

Ақтоқты зираты Зеренді ауданы, Қызылағаш ауылында орналасқан.

Ақан сері (Ақжігіт) – қазақ даласының атақты ақыны, әншісі, композитор. Ақтоқтыдай сұлуды кездестірген ақын оған ғашық болып қалады. Бірақ Ақтоқты ұзатылып қойған, қос ғашық дала заңы бойынша бірге бола алмады.

Ақтоқты есімі ақынның шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға», «Ақтоқтының ажары», «Ақтоқтының зары» әндері – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Ақтоқтының бейнесі махаббаттың ұлы күшіне арналған ақын өлеңдерінде нақты көрініс тапты.

Ақын тағдыры, оның қайғылы махаббаты әдеби, драмалық және музыкалық образдар жасауға шабыттандырды. Қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов айырылған қос ғашықтың махаббаты, ақынның қайғылы тағдыры жайында «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясын жазса, ал белгілі композитор С. Мұхамеджанов «Ақан сері – Ақтоқты» атты операсын дүниеге әкелді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button