Ақмола облысы

Асат би Алпысұлы жерленген жер

Асат Алпысұлы (1827-1875) – би (заң маманы), дипломат, сәулетші. Ол Қарашілік ауылына жататын, қазіргі Кішітүкті орман шаруашылығы орналасқан жерде дүниеге келіпті.

Асат тумысынан дипломат болған, оның бір ғана сөзімен небір даулы мәселелер оң шешімін тауып отырған. Ел арасындағы дау-шарларды әділ билігімен, парасатты ақылымен, тапқыр, кесімді пайымдауларымен мүлтіксіз тындырып, атағы шыққан.

Халық арасында Асат Алпысұлы айтты деген мақал-мәтелдері мен өнегелік сөздері кең тараған. Жергілікті халық Асат ата жайында көптеген тарихи әңгімені осы күнге дейін сақтаған, оның бір парасы қоныс аударушылар келе бастаған кезбен байланысты. Олардың арасынан болашақ қазақ станицаларына жер іздеген Омбының генерал-губернаторы келгендегі кездесу туралы айтуға болады. Келіссөздерден соң Асат Алпысұлы ресейлік губернатордың би мен старшындардың халық арасындағы ықпалы жоғарғы ақсүйектермен бірдей екенін мойындауына мәжбүр етеді.

Аймақтың барша жұрты ұлы би жерленген орынға ризашылықпен еске алуға келеді. Зеренді ауданы, Қарашілік елді-мекені маңында «Асат ата бұлағы» ағып жатыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button