Ақмола облысы

Балуан Шолақ кешені

Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864-1919) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан.

14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған, шауып келе жаткан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп тұруы, ер-тоқымда айналуы, үзеңгіден ұстамай аттың бауырынан өтуі сияқты. Балуан Шолақ Көкшетауда өткен үлкен жиындарда 51 пұт (830 кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырған. 1899 жылы әйгілі орыс палуаны Иван Поддубныймен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақтың жасы 35-те болған екен.

Балуан Шолақ ән-күйге де жасынан құмар болады. Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінесе», «Кенже қоңыр» сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь».

Балуан Шолақ Баймырзаұлына қойылған ескерткіш Бұланды ауданы Воздвиженко селосында орналасқан.

Басқа материалдар

Back to top button