Қостанай облысы

Батыр Жабағы Ипанұлының жерленген жері

Нысан мерзімі: XVIII ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Бейімбет Майлин ауданы, Журавлев ауылындағы қорымда.

Аты аңызға айналған Жабағы батыр (XVIII ғ.) қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресінде ерлік көрсеткен. Өз халқының беделді ұлы Жабағы батыр 1722 жылы қаза тапты. Қалмақ әскері қазақ даласын басып кіргенде, Жабағы батыр халық жасағын басқарды. Шайқас ұзаққа созылды, батырдың астындағы аты мертігіп, аттан құлап түскен батыр жаяу соғысты. Жебеден өлімші болып жараланған Жабағы батыр өз жауынгерлеріне оны жаудың өліктерін шұңқырға көміп, үстіне оба үйіп, төбеге өзін жерлеуді өсиет еткен. «Ата жауымыз тіріліп кетіп, қашпасын, жерлестеріме қайтадан қылышын көтермесін, үстерінен басып жатайын, елімді қорғап» – десе керек Жабағы Ипанұлы. Батыр бабаларының өсиетін ұрпақтары бұлжытпай орындаған. Жазықтағы жалғыз үлкен төбенің қолдан үйілгеніне күмән келтіру қиын. Жабағы батыр зираты шынында да қарауыл төбеге ұқсайды,  биік төбеден туған жеріне қарап, қорғап жатқандай. Жабағы батыр бейітінен алыс емес жерде, жыраның жанында бұлақ ағып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, бұлақтың суы қасиетті және оны ішкен адам дертінен сауығып, өзін сергек сезінеді екен.  Адамдар осы жерге жиі келеді, Жабағы батырдың аруағына құран бағыштап, дертінен сауығады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button