Ақмола облысы

Бектемір сопы кесенесі

Бектемір сопы кесенесі Жалманқұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км, Егіндікөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде, Қоскөл шатқалының төбесінде орналасқан. Діни уағыз айтушы Бектемір сопы өмірден өткен соң, оның басына кесене тұрғызылған.

Кесене камерасының сегіз қырлы күмбезді көлемі ішіне көлденең тұрған үш қалақша доға түріндегі тар дәліз апарады. Қабірдің өзі сақталмады. Мазарға келушілер оның маңындағы ағаштарға арман-тіліктері орындалады деген үмітпен ақ шүберек, жіп, мата қиығын байлап кетеді. Аңыз бойынша Бектемір сопының адамдарды сырқаттан емдеп жазатын қасиеті болған, ол діндарлығымен ерекшеленген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button