Ақмола облысы

Иманжүсіп Құтпанұлына орнатылған белгі

Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1931) – халық композиторы, ақын. Әнші, дарынды суырып-салма ақын, сөз шешені, жырау, балуан ретінде есімі шыққан. Оның «Ерейментау», «Сарыарқа», «Қараөткел», «Сарыбел» әндері қазақ халқына кеңінен танымал.

Иманжүсіп «халық жауы» атанып, 1931 жылдың 2 наурызында Тараз қаласында Мойынқұм көтерілісін ұйымдастырды деген жаламен атылды. 1992 жылы есімі ақталды. Иманжүсіптің ұлы Нұрхан аман қалып, Наманғандағы балалар үйінде өседі, бүкіл ғұмырын әкесін іздеумен өткізді. Ол қайтыс болғаннан кейін әйгілі сал-сері өмірі мен шығармашылығын зерттеумен, оның жақсы атын, артында қалдырған мұрасын қайтарумен Р. Иманжүсіп айналысты. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ол Иманжүсіптің өмірбаянына қатысты мүлдем белгісіз деректерді, оның шығармашылық мұрасын (келмеске кетті, ұмытылды деп саналған 20-дан аса ән) тауып, жүйеге келтіріп, ғылыми айналымға енгізді, 30 кітап шығарылды, деректі фильмдер дайындалды, 50-ден астам халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 150-ден аса еске алу кеші, семинар мен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Иманжүсіп Құтпанұлы Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылынан 8 км жерде орналасқан Құтпановтар отбасының рулық зиратында жерленген. Осында аты аңызға айналған ақын, әнші және композитор, ұлт-азаттық қозғалыстың қатысушысын еске алу үшін туған-туыстары және облыс, ауданнан қонақтар келіп тұрады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button