Ақмола облысы

Киікбай батыр Байқараұлы кесенесі

Қазақ-жоңғар шайқасында қаза тапқан, ержүрек жауынгер Киікбай батыр (1693-1741) кесенесі Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сергеевка ауылы аумағында тұрғызылған. Ескерткіштен жақын жерде Киікбай адыры бар. Ескерткіш жартылай қираған күйінде тұр. Қазіргі кезде дөңгелек мазардың алдыңғы бөлігі жартылай сақталған, қарама-қарсы қабырғасы бұзылып, құмған тастармен толтырылған. Тесік арасынан созылған күмбез тәріздес пішіні бар шағын контур анық көрінеді. ХХ ғ. аяғында «Киікбай адырында» жаңа бір мазар қойылған. Заманауи құрылыстың қабырғасы ортағасырдағы ескерткіштерге ұқсайтындай етіп тастан қаланыпты. Жоғары жағы жартылай ашық, оның кең күмбезді құрайтын бес металл қадасы, ислам нышаны – күміс жарты ай секілді тәжі бар. Ескерткіш тақтада «Байқараұлы Киікбай. 1693-1741 жж.» деп жазылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button