Қостанай облысы

Қобызшы Тілеп Аспантайұлының жерленген жері

Нысан мерзімі: XIX ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Жангелдин ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде.

Тілеп Аспантайұлы (1757-1820) Торғайдың маңайында дүниеге келген. 13 жасынан қобыз тарта бастайды. Қазақтың музыка өнеріне зор үлес қосты. «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлері осы күнге дейін сақталып, халықтың музыка мұрасының алтын қорына енді. Халық арасында Тілеп Аспантайұлы  емші, көріпкел ретінде де танымал болды. Адамдарды емдеген қасиетті қара қобыз ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.

«Бақсы» күйі пайда болған туралы аңыз Несіпбек Айтұлының «Тілеп пен Сарықыз» поэмасында жазылып,сонымен қатар Тілеп атты жас жігіттің айрықша тағдыры туралы осы аттас драма құрылған. Бірде ел арасында жас Тілеп атақты Қойлыбай бақсымен танысып, оның қобыз үнімен халықты емдейтін тылсым күшін меңгереді. Осы қасиетті бойына сіңіруіне Қойлыбайдың қызы Сарықыз себеп болады. Сарықыз екеуінің арасындағы балалық достық махаббат сезіміне ұштасады. Олардың бақыты ұзаққа созылмады. Тілеп әкесімен алыс жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтеді. Тілеп Қойлыбайдың шайқастардың бірінде қаза болғанын естіп Сарықызды іздей бастайды. Өкінішке орай Сарықыз зұлымдық кесірінен қайтыс болған. Қобызына ғана сүйенген Тілеп жалғыздықтан құса болып көз жұмған. Сарықыздың бейнесі оның сиқырлы сазының үнінде мәңгі қалды.

2019 жылы Тілеп әулие Аспантайұлы жерленген жерде жаңа кесене тұрғызылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button