Ақмола облысы

ҚОСБАТЫР – ҚҰМАЙ МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІ

Ел ордасы Астананың іргесінде, шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан Құмай археологиялық-этнографиялық кешенінің ескерткіштерін теңдессіз түрік мұрасының жаңалығына жатқызамыз. Құмай кешенінің құрамында Қазақстан халқының мәдениетінің түрлі кезеңдеріне жататын бірегей ескерткіштер топтамасы ашылды. Басты ерекшелігі – әр кезеңге жататын ескерткіштердің Құмай өзенінің аңғары кеңістігінде бір-біріне жақын орналасуы. Құмай, Ершоқы, Жаушоқы, Қосбатыр, Әулиебұлақ атауларынан көріп отырғанымыздай, аймақтың микротопонимінде айқын сақталған, өңірдің табиғи ерекшелігі – түрік жерінің қасиеттілігі туралы тарихи қалыптасқан ойды көрсетеді.

Түрік мұрасы қоршаулардың қабырғаларына ойып салынған ғұрыптық құрылыстар мен тас мүсіндердің, рулық таңбалардың сақталып қалуымен таңқалдырады. Ғұрыптық қоршаулардың шығыс жағынан орнатылған, дәстүрлі түрік стилінде ғұлама тұлғалардың бет келбетін сипаттап қашаған мүсіндер бастапқы орындарында тұрды, қазіргі уақытта зерттелді және қалпына келтірілді. Барлық ашық ескерткіштер құжатталып, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік мекемеде тіркелген. Ескерткіш материалдарын Еуразия түркі халықтарының мәдениеті дамуының жалпы байланысында жан-жақты ғылыми зерттеу мен талдамалық түсіндіру бойынша көп жұмыс күтілуде.

Құмай өзені аңғарының ескерткіштері түрік халықтарының көпғасырлық тарихының куәсі ретінде қызмет ететін болады. Қола дәуірінен бастап, сақ, ғұн, түрік, оғыздардың мәдениетінің дамуында төрт мыңжылдық тарихи кезеңдерді қамтитын мемориалдық ескерткіштердің жоғары концентрациясы орналасқан қасиетті жерде қалған мұраның қанықтығы тамсандырады.

Басқа материалдар

Back to top button