Ақмола облысы

Қылышбай әулие жерленген жер

Қылышбай әулие (1846-1905) – Кенесары хан әскері жетекшілерінің бірі болған Жеке батырдың немере інісі. Қылышбай әулие аңыз бойынша өте қарапайым адам болған. Оның 5 ұлы болғаны белгілі.

Ел ішінде Қылышбай әулие саналып, адамдарды әр түрлі сырқаттан емдей білген. Ол науқас, жетім қалған балалар мен қарт адамдарға көмектескен. Жарлы-жақыбайларды байлардың әділетсіз шешімдерінен қорғаған. Сол кезде Терісаққан ауылында беделді деген 30 дінбасы болса, солардың ішіндегі ең қадірлісі де ардақтысы осы кісі болған. Тың игеру кезінде көшіп келген орыстар Қылышбай бейітіне жақын жерді жырта алмаған, ал егіндері шықпаған. Сонда адамдар әулиенің жақсылығын, адалдығын, оның өзін еске алатын. Қазіргі уақытта оның кесенесі табыну орнына айналған.

Қылышбай әулиенің жерленген жері Ақмола облысы, Жақсы ауданындағы Терісаққан ауылынан 18 км және Терісақкан өзенінен 10 км жерде орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button