Ақмола облысы

Қызыл там (Ахмет) кесенесі

Қызыл там кесенесі – ең ұзын мұртты қорған. Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, Есіл өзенінің оң жағалауына қарай орналасқан. Ахмет кесенесін алғаш рет 1955 жылы К. Ақышевтың жетекшілігімен Ақмола археологиялық экспедициясы зерттеген.

Жергілікті аңызға сенсек, кесенеде Ахмет Танкеев деген дәулетті адам жерленген. Күндердің бір күнінде Ахмет бай ұйқысынан оянбай, терең ұйқыға кетеді. Сонда халық байды өлдіге санап, жер қойнына тапсырған екен. Содан біршама уақыттан кейін қабір басынан Ахметтің ащы даусы естіледі. Сол өңірдегі ишан-молдаларға хабар беріп, жақындары жиналып келіп қабірді ашады. Сөйтсе, өлді деген Ахмет бай өкіріп, сыртқа ұмтылады. Олар оны Ахмет бейнесіндегі жын деп ойлап ұрып өлтіреді. Кейін естерін жиған соң өз істерінің ағат болғанын, Ахметтің расында терең ұйқыға кеткенін кеш түсінеді. Елдің үлкен-кішісі жиналып, Ахметті қайтадан арулап көміп, басына кесене орнатады.

Қызыл там кесенесін аңыз бойынша көпес Ахмет Танкеевтің тапсырысымен Тұрабай мен Рыпай деген құрылысшылар тұрғызған. Қабырғаларға саз ерітіндісі жағылып, құйылған тік бұрышты кірпішпен қаланған және екі жағынан күйдірілген кірпішпен қапталған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button