Ақмола облысы

Саққұлақ би кесенесі

Саққұлақ би 1800 жылы Ақмола уезі, Ерейменнің Қоржынкөл деген жерінде дүниеге келген. Саққұлақ шешендік өнерімен атақты болған. Дала заңының білгірі.   Ағаштан түйін түйген шеберлігімен қатар, мылтық ататын мерген, құс салатын құсбегі мен мініскер өнері де болған екен.

Саққұлақ – Бөгенбай батырдың шөбересі. Саққұлақ би 12-13 жасында Бапан бидің қасында жүріп, шешендік өнерін ұштаған. Ал 15 жасында ел билеу ісіне араласып, кішігірім дауларды шешіп отырған. Саққұлақ бидің шешендік туындылары: «Саққұлақтың Шоқанға берген батасы», «Ақыл туралы», «Төрт нәрседен қашық қыл», «Бұл да бір ғалымның бірі еді-ау», «Шыңғысқа өз аузынан айтқан көңілі», «Ғылым туралы», «Байдалы биге айтқаны», «Мұсаның өліміне айтқаны» және басқалары.

Саққұлақ би сөздерін жаза отыра, сонымен бірге басқа билердің ойларын жазған екен. Саққұлақ би 1888 жылы қайтыс болды. Артында жеті ұлы қалған, олардың ішіндегі Нұралы және Ералы деген балалары шешен және би болған екен.

2000 жылы кесене қирандысының үстіне қасбет қырларында доға тәрізді текшесі бар сегіз қырлы күмбезді орталық композиция түріндегі тас саркофаг тұрғызылды. Батыс қабырғадағы ескі тас жанынан Саққұлақ пен оның екі ұлының есімдері мен өмір сүрген жылдары жазылған үш жаңа құлпытас қойылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button