Қостанай облысы

Шоқай би Балқанұлының жерленген жері

Нысан мерзімі: XIX ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Алтынсарин ауданы, Шоқай ауылы.

Шоқай Балқанұлы (шамамен 1775-1858) – үш жүздің биі және белгілі шешен, Жәңгір ханның кеңесшісі болған. Обаған өзені жағасындағы Қарағайлы ауылында, қазіргі Алтынсарин ауданының аумағында туған. Арғы атасы Алдияр, одан арғын тайпасының Таз руы тараған. Шоқай би – ХІХ ғ. қазақ даласындағы біртуар тұлғалардың бірі. Шоқай Балқанұлы жайында айбынды батыр, рулар араздығын шешетін би, шешендік өнерімен, әділ шешімдерімен сый-құрметке ие болған шешен – әулие ретінде ел аузында айтылып, жазылып келеді. Ол Арқа елінің көптеген атақты би-шешендерімен қатар жер дауына, ел дауына, мал дауына, жесір дауына қатысып, өзінің әділ төрелігі, шешендігімен үш жүзге аты мәлім болған.  Шоқай бидің күні бұрын айтқан сөздері, болжам-жорамалдары орындалған. Халық Шоқайды әулие деп білген, оның алдына жаңа туған нәрестеге бата алу үшін және болашағына бағдар алу үшін мыңдаған шақырым жерден келетін болған. Қазақтың соңғы ханы әйгілі Кенесары Қасымұлының атын Шоқай би қойған.

1995 жылы туғанына 220 жыл толуына орай Шоқай Балқанұлының бейіті басына кесене орнатылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button