Ақмола облысы

Уәли хан кесенесі

Уәли хан кесенесі

Уәли хан (1781-1821) – Орта жүздің ханы.

Жасынан жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысып, Арғын руының жауынгерлерін басқарды, хан Абылайдың тапсырмасымен елшілермен дипломатиялық келіссөздер жүргізді. Уәли ханның ордасы Көкшетау өңірінің Есіл өзені шекарасынан Шыңғыстауға дейінгі аралықта жатты. Уәлидің хан ордасы Бурабай көлінде орналасты. Екінші ордасы Көкшетаудың шығысындағы Сырымбет қыстағында болды.

Уәли хан Жоңғария мен Орталық Азиядағы Абылай ханның жорықтарына қатысқан. 1769 жылы Қытайға қазақ елшілігін басқарып барған. 1781 жылы әкесі Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Абылай ханның еркіне сай, халық жиналысы оның үлкен ұлы Уәлиді Орта жүздің жаңа ханы етіп сайлады. Уәли хан Петербург пен Пекинге өзінің тағайындалуын хабарлап, Ресей және Қытай үкіметтерінен өзін Орта жүздің ханы деп тануларын сұрап хат жібереді. Сол 1781 жы­лы Ресей мен Қытай Уәлиханның хандық өкілеттігін мойындайды.

Уәли хан кесенесі Қазақстан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,3 км жерде, Қарақалпақ төбесінде орналасқан. Бұл құрылыс 2008 жылы Уәли ханның 270-жылдығына орай тұрғызылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 1920 шаршы метр. Төрт бұрышты ғимарат қызыл кірпіштен тұрғызылған, оның төрт бұрышы сары кірпіштен қаланған, негізгі және қосымша төрт күмбезде жарты айлар орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button