Ақмола облысы

Аңғал батыр жерленген жер

Аңғал батыр кейбір деректер бойынша 1770 жылы дүниеге келіп, 1867 жылы қайтыс болған.

Бала кезінен күшті әрі жігерлі болып өскен бозбаланы Абылай хан әрқашан өзімен бірге алып жүрген. Абылай шайқаста бірнеше рет ерлік көрсеткен Аңғал батырды әрдайым қолдаған. Абылай оған сенім артып, Ақшоқы тауының етегіне қоныстандырады.

Қартайған шағында Аңғалға ақыл, я бата сұрау үшін әдейілеп келетін. Профессор Е. Бекмаханов «Қазақстан XYII-XIX ғасырларда» атты еңбегінің 182-бетінде Кенесары қолының құрамында үш жүздің барлық батыры көтеріліске атсалысқанын атап өткен. Солардың ішінде Кенесарының ең таңдаулы ізбасарлары болып саналған батырлар: Шұбыртпалы Ағыбай, Жанайдар, Иман Дулатов, Аңғал батыр, Жеке батыр, Бұғыбайлар. Олар көтерілістің соңына дейін Кенесарыны қолдағандар болды, дейді. Демек, Аңғал қан кешкен сан ұрыстарды басынан өткізген ерліктердің куәгері. Мысалы, ол Қараөткел, Аягөз бекіністеріне шабуылда өжеттілікпен ерлік көрсеткен батырлардың бірі болып саналады. Өзі ес білгеннен былай елін, жерін ешбір жау орынсыз озбырлықпен баспапты.

Батырдың зираты Біржан сал ауданы, Аңғал батыр ауылынан солтүстікке қарай үш шақырымдай жерде орналасқан. Қазіргі уақытта ол жер «Қосқарағай» деп аталады.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button