Жамбыл облысы

АҚМОЛА МАЗАРЫ (ХІХ ғ)

  Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Байзақ ауылынан 20-25 шақырым жерде орналасқан ескерткіш.

Күйдірілмеген кірпіштен соғылған күмбездері жұмсақ, жертөле мен кіре берісінде біршама бұзылған жерлері бар, ішкі қабырғалар шұңқырланып, саз сылақтар түскен. Іргетасы жоқ, бір жолды, тікбұрышты жұқа иілгіш кірпішті саз қабатпен қаланған. Жертөле негізіндегі қабырғаның ені 1 м шамасында, мавзолейдің сақталған бөлігінің биіктігі 5,7 м, диаметрі 8,5 м.

Аңызға сүйенсек, бұрынғы замандағы атақты бір байдың бойжеткен қызының мазары екен деген болжам айтылады. Атақты бай малының жағдайын ойлап, қыста құмды қыстап, жазда қазіргі Талас ауданы малшыларының жаз жайлауы болған «Шатура» атты кең  жайлауды жайлаған екен. Сәуір айы туа құмнан көшкен бай ауылы «Жиек» құмының шетіне шығып қонады. Осы түні байдың жалғыз бойжеткен қызын улы жылан шағып қайтыс болады. Тағдырдың тауқыметіне назаланған бай «Көз-қуанышым, жалғыз қызым еді, ең болмағанда ары-бері өткенде көріп, көңілімді жұбатып жүрейін» деп, Талас өзенінің батыс бетіне қызының мәйітін қойдырған екен.

Ақмола бекетіндегі көпір үстімен кезінде Байзақ (Сверлов), Жамбыл, Жуалы аудандарының қаптаған малы күзде құмға қарай, көктемде ойға, жазыққа қарай көшетін.

Кейіннен дәстүрлі көші-қон кезінде түрлі себептермен шетінеген сәбилер осы Ақмола қыз мазарының жанына жерленіп келген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button