Жамбыл облысы

АТЛАХ-ТАЛАС ШАЙҚАСЫ БОЛҒАН ЖЕР (751 ж.)

Орналасқан жері: мәдениет пен өнердің сан алуан түрі тоғысқан Орта Азия аймағы ертеден-ақ Шығыс пен Батыс елдерінің назарында болып келген мекен. Ортағасырлардың өзінде еліміздің шығысынан қытайлар жаулауды бастаса, батыста Араб империясының көз құртына айналған еді. Себебі, шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы мен табиғи байлықтар, сәулетті қалалар мен мал-жанға жайлы жерлерді иелену кімді де болса қызықтырмай қоймайды.

Шайқас қарсаңында, яғни 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсуді көздеп, 751 жылы араб әскері Шу-Талас аңғарында жатқан Атлах, Тараз қалаларының іргесіне ат басын тірейді.

Ортағасырларда қытай мемлекетінде ішкі таластар пайда болып, Хан әулеті Ұлы қытай қорғанының батыс сыртына қарай бөлініп шығады.
VІІ-VІII ғғ. Орталық Азияның тарихында түркі тайпаларының өзара қақтығысын сәтті пайдаланған Таң империясы Түргеш қағанатының иелігіндегі аймақтарды басып алады.

Арабтар Орта Азияға жорықтары барысында қытайлықтармен шиелініске тап болады. Нәтижесінде 751 жылы қазіргі Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аумағындағы Талас өзенінің аңғарында ірі шайқастардың бірі болған. Қытай әскерінен теперіш көріп отырған түргештер мен қарлұқтар арабтар жағында болып жеңіп шығады.

Аталмыш соғыс тарихта Атлах шайқасы деген атпен қалды. Бұл соғыс жайлы әл-Магдиси өз еңбегінде: «Бес күнге созылған бұл соғыста қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» деп жазады. Қытайдан теперіш көріп отырған түргештер мен қарлұқтар арабтар жағында болды.

Жалпы Атлах, Талас шайқасының тарихи маңызы зор. Себебі осы шайқастан соң Таң империясының Орта Азияға бағыттаған шапқыншылық саясатына нүкте қойылды. Қытай империясының Шығыс Түркістандағы әскери бекіністері түгелімен жойылды. Орталық Азияның тарихи-мәдени және саяси картасы өзгеріске ұшырады. Өлкемізде ислам өркениеті жаңа арнада қанат қағып, ғылым мен білімнің  дамуына даңғыл жол ашылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button