Жамбыл облысы

ӘУЛИЕАТА (ҚАЛИ ЖҮНІС) МЕШІТІ (ХІХ ғ. басы)

Орналасқан жері: көпес Жүністің талабы бойынша салынған архитектуралық ескерткіш. Тараз қаласы, Электрическая көшесі мен Қылышбай ақын көшесінің қиылысында орналасқан. 1998 жылы жаңа материалдар мен өрнектерді пайдалана отырып қайта жаңғыртылды. Мешіттің ескірген бөлмелері қайтадан жөнделіп, жаңадан бөлмелер салынды. Осылайша халықтың күн сайынғы тұрмыстық және діни дәстүрлерін орындауға қолайлы жағдай жасалынды. Мешіт ауласы біркелкі тақтатастармен төселген.

Қазіргі кезде мешітте діни дәріс жүргізетін медресе бар. Кең аула ішінде орналасқан бір қабатты, тік бұрышты кеңістік 1973 жылы салынған айван бетімен аулаға қарап тұр. Кейін ол толық шынымен қапталды. Мешіттің ескі намаз оқу залының ұзындығы 21 м, ені 12 м. Батыс қабырғасына қуыстар жасалған, биік терезелер ойылған. Залдың толық көлемінде 20 м биіктікте намаз оқитындарды орналастыратын ішкі жарты қабат жасалған. Зал төбесінің көркемдігі ерекше, онда геометрия және өсімдік үлгісіндегі өрнектер салынған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button