Жамбыл облысы

КЕНЕН ӘЗІРБЕВТЫҢ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ МЕН МУЗЕЙІ (1981 ж.)

Орналасқан жері: Қордай ауданы, Кенен ауылының шығыс шетіндегі саябақтың ішінде орналасқан. Аллеялы саябақ, мұражай ғимараты, ақынның ескерткіш-мүсіні мен бейітінің басына қойылған құлыптас біртұтас сәулеттік кешенді құрайды.

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс, ақпан, қазан төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін, ұлы Отан соғысы мен тың игеру сияқты халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болған.

Сондықтан Кененнің әншілік, ақындық, жыраулық, күйшілік шығармала-рын өзі өмір сүрген заманның жанды шежіресі деуге болады. Ол – өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, асқан шеберлікпен орындай білген біртуар дарын иесі. Кенен Әзірбаев – екі жүздей лирикалық, тақырыптық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында ондаған эпикалық жыр-дастандар болған. Ол – ән мен жырдың кеніші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер иесі.

Оның «Бозторғай», «Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік ерекшелігімен бірге бітім-құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік сипатымен дараланады.

Ақынның еңбегін ескеріп, есімін ұлықтау мақсатында 1981 ж. музей кешені ашылған. Онда К. Әзірбаевтың шығармашылық және қоғамдық қайраткерлігі туралы мағлұмат беретін 900-ден астам экспонаттар жинақталған. Олардың ішінде жеті жасар Кененге әкесінің сыйлаған кішкене домбырасы мен  Жамбыл Жабаев сыйлаған күміс жалатылған белдігі да бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button