Ақмола облысы

Мариям Рекинаның (Жагорқызы) жерленген жері

Мариям Жагорқызы, шын аты-жөні Рыкина Мария Егоровна – халық арасында танымал болған «Дудар-ай» әнінің авторы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1945), халық әндерін орындаушы. Ол 1887 жылы қазіргі Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.

1920 жылы А. Затаевич «Дудар-ай» әнінің оннан аса нұсқасын жазып алған. Орыс қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсен (Дудар) арасындағы махаббат әдеби шығарманың туындауына негіз болған. Бұл ән орыс және қазақ ұлты арасындағы достықты суреттейді. Е. Брусиловский «Дудар-ай» операсын (1953), Қ. Бекқожин «Мәриям Жагорқызы» поэмасын (1950) жазды.

Екі жастың бақыттары ұзаққа созылмады. Үйлену тойынан кейін Дүйсенді патша әскеріне шақырады, ол жерде өкпе ауруына шалдығып, қайтыс болады. Кейін Мария басқа адаммен тұрмыс құрып, төрт баланың анасы атанады.

Ұлы Отан соғысы кезінде Мариям апай өз өлеңдерін соғысқа аттанған жерлестеріне арнаған. Мария Жагорқызының ұзақ ғұмыры Қорғалжың ауданы Кеңбидайық ауылында өтті.

Басқа материалдар

Back to top button