Жамбыл облысы

МАВЗОЛЕЙ БАТЫРБЕК ДАТКА (1795 – 1985 гг)

Орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылының батыс шетінде орналасқан. Орта ғасырларда Тараз өңіріндегі ірі саяси-экономикалық орталықтардың бірі ретінде белгілі Бектөбе қалашығы – тарихи маңызды ерекше ескерткіш. Ұлы Жібек жолының халықаралық сауда жолы ретінде дамуы қалалардың пайда болуы мен қалыптасуына айтарлықтай әсер етті.

Бектөбе қалашығы пішіні төртбұрышты келген, аумағы 400 х 350 м қамтитын, биіктігі 6 м төбе түрінде сақталған. Қалашықтың барлық төрт бұрышында мұнаралардың ізі және айналасында ұзын қорғанды қабырғаның қалдықтары сақталған. Ұзын қабырғалар мен қалашықтың орталық бөлігі арасында аласа төбешіктер түріндегі құрылыстардың қирандылары аңғарылады. Төбенің шығыс, солтүстік және батыс жағында қалаға кіретін қақпаның орындары байқалады. Осы қақпаларды бір-біріне жалғап тұрған даңғыл жолдардың іздері бар. Қаланың орталық бөлігі солтүстік-батыс бұрышта орналасқан. Биік төбе түріндегі қалашықтың орталық бөлігі қазіргі таңда қорымға айналған. Бектөбе қаласы жазба деректерде Жувикат деген атаумен кездеседі. Х ғ. тарихшысы Нершахидың айтуы бойынша VІІ ғ. Жувикат қаласын Бұхарадан келген келімсектер салған. Алайда, қалашық аумағында жүргізілген ғылыми-зерттеулердің нәтижесі құрылыстың жергілікті ерекшеліктермен салынғандығын көрсетіп отыр.

Ескерткіш нысанына ХІХ ғ. бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қаланың құрылыс нысандары анықталып, материалдық деректер, көптеген қыш ыдыс қалдықтары табылған. Табылған жәдігерлер негізінде қалашық шамамен VІІ-ХІІ ғғ. болғандығы анықталған.

Ж. Дәдебаев «Тараз өлкесі» атты еңбегінде: «Жувикет (Жувикент) –Тараздан батысқа қарай 17 шақырым қашықтықта болған көне қала. Бүгінде Бектөбе деп аталады. Жувикет қаласы 893 жылы Саманид Исмаил ибн Ахмед жасаған шабуылдан қирады» деп анықтама береді.

Қанша уақыт өтсе де тіршілігі үзілмеген мұндай ескі қоныс тұрақтар мен қаланың орындары жергілікті халықтың байырғы ата қонысы болып саналады. Сондықтан да бұл мекен қасиетті нысан ретінде өз қызметін жалғастыра берері сөзсіз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button