Ақмола облысы

Нияз би кесенесі

Нияз Тілеуліұлы (1741-1790) – Абылай ханның бас билерінің бірі. Тапқырлығы мен әділдігіне риза болған Абылай Нияз би талантын жоғары бағалаған. Би өмірінің көпшілігін Қараөткелде, Көкшетау өңірінде өткізген.

Нияз би әділ төрелігімен аты шыққан. Оған Есіл, Нұра жағалауларын, Атбасар, Қараөткел атырабын мекен еткен қазақтар ақыл сұрап, әділдік іздеп келетін. Зерттеушілер бұрынғы Ақмола қаласы атауының тарихын Нияз би қабірінің басына орнатылған ақ моламен байланыстырады.

Нияз би кесенесі Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Есіл мен Нұра өзені арасындағы Тайтөбенің биік жерінде орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button