Ақмола облысы

Өрес ханымның жерленген жері

 

Шоқан Уәлихановтың жазбаларына сәйкес, Абылай хан он екі әйел алған екен. Абылай ханның әйелінін біреуі ғана қазақ кызы, өзгесінің бәрі – қарақал­пақ, қалмақ, қырғыз, өзбек қыздары. Десек те, Абылай хан көп уақытын сүйікті жары Өрес ханымға бөліпті. Хан кезекті бір әскери жорыққа аттанғанда, Өрес ханымды бірге алып жүреді екен.

Жазушы, зерттеуші Жайық Бектұров жазбаларында мынадай деректер кездеседі: «Урюпинка ауылының көнекөз қарттарының айтуынша, бір күні Абылай хан батырларымен Түркістанға бет алады. Жолда Талқара өзенінің жағалауына тоқтауға ұйғарады. Ол жер Дөңгелекқаудың жанында. Ауыл жанында үлкен қара жол бар. Бұл жолды кейіннен «Абылай ханнын қара жолы» деп атап кеткен.

Аңыз бойынша Абылай ханға Шайқы Бұрқы бақсы келіпті. Хан одан «Болашақта мені не күтіп тұр?» деп сұраған көрінеді. Бақсы: «О, ұлы хан, сүйікті әйелің қайтыс болады, оны осы жерге жерле» деген екен. Бірақ Абылай хан бақсының айтқанын тыңдамай жүре берді. 20 шақырым жол жүрген соң, әйелі Өрес ханым қайтыс болады. Сонда барып Абылай хан бақсының сөздерін еске алып, әйелін бақсы айтқан жерге жерлейді. Содан бері бұл жер «Ханым сүйегі» деп аталып кеткен екен».

Өрес ханым Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылының батысында жерленген.

 

Басқа материалдар

Back to top button