Ақмола облысы

Қалақ батыр жерленген жер

Қалақ батыр – XVII ғасырдың басында өз Отанын қорғау жолында жоңғарға қарсы шайқаста өзін көрсеткен ержүрек жауынгер. Ол жоңғарларға қарсы ең алғашқы шайқасқа қатысқан. Жаудың көптігіне қарамастан, Қалақ батырдың ұйымдасқан әрекеті мен әскери стратегиясының арқасында оның әскері жауға қарсы төтеп бере алды. Осы шайқастан кейін Қалақ батырдың есімі күллі қазақ даласына мәшһүр болды. Аңыз бойынша Алатау етегінде жоңғар басқыншыларымен болған сұрапыл шайқаста ерен ерлік, батылдық көрсеткен дейді.

Қалақ батырдың туған және өлген жылдары туралы анық мәліметтер жоғалған. Батыр қазіргі Атбасар мен Сандықтау аудандарының арасында Керегетас жерінде Есілдің маңында дүниеге келгені белгілі.

Қалақ батырдың зираты Зеренді ауданы, Күсеп ауылындағы Қалақ тауында, Айғыржал деген жерде орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button