Жамбыл облысы

ҚАЛИ ЖҮНІС МОНШАСЫ (XIX ғ.)

Орналасқан жері: Байзақ батыр және Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан архитектуралық ескерткіш.

1986 және 2002 жж. зерттеліп, қайта жаңғыртылған. Монша Әулиеата кезеңінің сәулет өнері ескерткіші болып саналады. Атақты Ибн-Сина да көп еңбектерін монша тақырыбына арнады. Ол моншаның бөлмелері кең және жарық, бір қалыпты жылы, суының мол болуы, қабырғалары жан жадырататын суреттермен безендірілуі адам ағзасына зор пайдасы барын жазған.

Монша тек қана тәнді тазалап қоймай, саясатшылардың, саудагерлердің, әскерилердің, қала тұрғындарының көптеген мәселелерін шешетін, тынығып дем алатын орны да болған.

Моншаны Әулиеата қаласының тұрғыны Қали Жүніс өз қаржысына 1906 ж. салдырған. Салтанатты 10 күмбезбен көмкерілген, түрлі көлемдегі 10 бөлме бар, олар бір-бірімен аркалы өткелдер арқылы жалғасқан. Қабырғаларының қалың болуы, ауа айналымына арналған күмбез ұшындағы саңылаулары кішілеу келген терезе ойықтары, еден асты жылыту жүйесі ортағасырлық Шығыс моншаларына тән.

Ауладағы құдықтан шығыр арқылы шығарылатын су монша ішіндегі қазандыққа жеткізілген. Монша күндіз-түні үздіксіз жылытылып отырған.

Қали Жүніс моншасы өткен ғасырдың 20-жылдарына дейін жұмыс істегені тарихтан белгілі.

Тарихи деректерге қарағанда Қали Жүніс өте қарапайым тұрмыс кешкен екен. Ол монша салдыру үшін Ферғана мен Бұқара қаласынан шеберлерді шақырады. Алыстан ат арытып жеткен шеберлер Қали Жүністің тұрмыс-тіршілігін көріп, монша салдыруға қаржысы барына күмән келтіреді. Сонда Қали Жүніс шеберлерді үйіне кіргізіп алтын мен күміске толы екі сандықты ашып көрсеткенде олар естерінен тана таңқалған екен.

Осылайша Қали Жүніс барлық жиналған қаржысын ел игілігіне арнапты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button