Жамбыл облысы

ҚАРАҚОҢЫЗ ПЕТРОГЛИФТЕРІ (қола дәуірі)

Орналасқан жері: Қордай ауданы, 1-Күнбатыс ауылының солтүстігінде 3,5 км жерде, Батыс Жіңішке өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Петроглифтерді алғаш рет 2009 ж. Қордай ауданы ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, С. Пәрменқұл) зерттеп, координаттарын алған.

Жартасқа салынған суреттер қырық үш тастың бетінде кездеседі. Бұлардың ішіндегі басым көпшілігі тау ешкілерінің бейнелері болып келеді. Суреттер ішінде көпшіліктің қызығушылығын туғызып отырған садақ асынып, ат мініп, тазы ерткен аңшы бейнелері бар. Сондай-ақ садақ кезеніп тұрған жеке адам бейнелері мен өгіз аулап жатқан көптеген адамдар, қазіргі кезге көмескіленіп жеткен ит бейнелері кездеседі. Суреттер нүктелеу және сызу тәсілімен салынған. Тас беттері қоңыр түске ысталған.

Қазіргі кезде Қарақоңыз шатқалында мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықша бар. Бұл түрлі өсімдіктер мен ормандарды қорғауды күшейту мақсатында құрылған. Мұнда өсімдіктердің 520 түрі кездеседі.

Басқа материалдар

Back to top button