Солтүстік Қазақстан облысы

СҮЙІНДІК БАТЫР ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Орталық селосы.

2017 жылы Жамбыл ауданында ғылымдар тобы Сүйіндік батырдың жерленген орнын тапқан. Сүйіндік ұлы апат жылдары біздің солтүстік жерлерімізге дейін жеткен жоңғарлар шабуымен күрескен. Әрине, жазба деректер жоқ, тек ұрпақтан ұрпаққа жеткен ауыз халық шығармашылығы бар.

Батырымыз Орталық ауылының екі көлдің арасындағы дөнде жерленген. жалғыз қайың ағашы, батыр мен оның жауынгерлердің зиратын белгі болып тур.

Сүйіндік батыр Керей руынан шыққан, әкесі – Дәулетімбет, Сүйіндік батыр Абылайға биліқ нығайтуына көмектескен. Ол Абылайдың сенімді батырлардың бірі болған, қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Батырдың қайтқан жылы шамамен 1767 жыл.

Сүйіндік батыр дүние салғанда артында екі ұлы қалған екен. Солардан тараған ұрпақ бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында және Ресейдің Қорған облысының бізбен шекаралас ауылдарында тұрып жатыр.

Ел басына күн туған сәтте егеулі найзасын қолына алып, жауға қарсы шапқан батырдың арқасында жер сақталып, ел аман қалды. Қазақ ата-баба зиратын, соның ішінде қасиетті адамдары жерленген жерді киелі санайды. Сүйіндік көлі жағасындағы батыр жерленген зират та сондай қасиетті орындардың бірі.

 

Дереккөздер:

«Ауыл арайы» аудандық газеті 08.02.2019 ж. № 7

Аю Қайдауыловтың естеліктері

«Қалқан» аскери баспаның газеті, 2018 ж.

Сартаев Ж.Н. – медициналық ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының әскери ғылымдарының мүшесі-корреспонденті материалдары бойынша

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button