Ақмола облысы

Тіржан қажы жерленген жер

Тіржан қажы Байғожаұлы 1855 жылы Зеренді ауылына жақын жатқан, соңынан Тіржан ауылы атанған Тасбұлақ деген жерде дүниеге келген.

Азан шақырып қойған аты – Әміре. Жеті айлық болып туған ол шілдеханаға дейін сол кездің салтымен атасының бас киімінде жетіліп, бесікке артынан жатқызылды. Бала өте әлсіз болып туғандықтан, әжесі мен анасы сұраған жанға «Әйтеуір бір тірі жан ғой, ілігіп кетсе болды» дейді екен. Содан Тіржан аталып кетсе керек.

Жастайынан еті тірі елгезек, өте зерек бала Тіржан ел тірлігіне, үлкендер ісіне ерте араласып, танымал бола бастайды. Ол табандылығымен, еңбекқорлығымен және адамгершілігімен ерекшеленіп, өз айналасына белгілі замандастарын топтастыра алды.

Қонақжайлы әрі жомарт Тіржан орасан дүние мүліктің иесі болып, сол заманның Тынымбек, Шәкей би, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Науан Хазірет, Азнабай, Нығметжан, Тәшен бай сияқты белгілі адамдарымен тығыз араласып, өзінің озық замандастарымен нан-су бөлісіп, оларды барынша қолдап отырған.

Тіржан қажы жерленген жер Зеренді ауданы, Бәйтерек ауылында орналасқан.

 

Басқа материалдар

Back to top button