Түркістан облысы

Ақбура әулие кесенесі

Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылынан 6 шақырым шығыста орналасқан. Кесене жобада бір күмбезді, төртбұрышты пішінде, қабырғалары түрлі оюлармен өрнектеліп, күйген кірпішпен өрілген. Күмбезі аспан түстес сырмен боялған. Кесененің ұзындығы – 9,8 метр. Ені – 9 метр. Биіктігі – 6 метр. Күмбезі – 3 метр. Түрлі ауруға ем болатын бұлақ және кесене адамдардың зиярат ету орнына айналған.

Аңыздарға сүйенсек, Ақбура түркі жұртының пірі болған Қожа Ахмет Яссауидің замандасы әрі шәкірті болған екен. Ақ бураға мініп, зікір салып жүрген деседі. Сондықтан да Ақбура әулие аталыпты. Ілгеріде Түркістандағы Әзірет Сұлтан Қожа Ахметтің тұсында бір шайық су маңайында отырыпты. Сол шайық түйенің жүйрігі желмаядай есіп, гуілдей жөнелгенде, қуған ұшқан құс ілесе алмайды екен. У-гулеп зікір салғанда, ол әулиенің аузы үнемі көпіріп жүретін көрінетін. Өзі аппақ киініп, түйенің бурасына ұқсап «ауф, ауф, ауу, ауу» деп күркіреп, екі езуінен шыққан көбігі иықтарынан жаурындарына қарай төгіле ағып, лезде Йассыға жеткенде, Қожа Ахметтің өзі алдынан шығып: «бурам келдің бе, бурам?» – деп қарсы алады екен.

– Ақбура әулиенің  шын аты – Ақберді екен. Сол уақытта бұлақ басында намаз оқитын үлкен жай болыпты. Азанғы памдат намазының екі бас сүннетін оқып болған соң, Ақберді үнемі орнында жоқ болып шығады екен. Бұл шайқы парызға тәкбірді айтпай тұрып, Иасыға жетеді. Сол арада памдаттың қалған екі бас парызын, құранды оқып, бата қылады да, ол жерде де жоқ боп кетеді. Сөйтіп, бұлақ басына оралып келіп, салауатты айтатын көрінеді.

Көне түрікше (шағатайша) жазылған қолжазбалардың бірінде Ақбура Ата әулие памдат намазының екі бас сүннетін Қазығұрт әулиеде, екі бас парызын Қағбада оқығанын баяндайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button