Түркістан облысы

Бәйдібек би кесенесі 1996 ж

Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылының аймағында орналасқан. Қарашаұлы Бәйдібек (VI-VII ғғ.) – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ұрпақтарының айтуынша, туған жері Ташкент. Қаратау өлкесінде өмір сүрген. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға болған. Ел ішіндегі қария сөздер – ауызша тарихнама бойынша, Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібек би жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ұлы жүзге ұйытқы. Ел болып ұйысуына ықпал еткен. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай, Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Ел аузында Бәйдібек бабаның некелеп алған үшінші жары Нұриланың Қыдыр дарып, бақ қонған асыл текті Домалақ анаға айналғаны туралы шежірелі әңгімелер көп сақталған.

Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген. Бәйдібек би кесенесі 1996 жылы Бәйдібек Қарашаұлының Қарахан дәуірі үлгісіндегі Балабөген өзенінің биік жағалауында ежелден сақталған көне мазар күмбезінің орнына, жаңа үлгіде қайта салынды. Бәйдібек кесенесінің күмбезбен көмкерілген ғибадат бөлмесіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы баба рухына арнап, салмағы 6 тонна бесік мүсінді ақ мәрмәр құлпытас қойған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button