Солтүстік Қазақстан облысы

БЕКЕН (Бекмағанбет) ЖҰМАБАЕВТЫҢ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Орналысқан орны:СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы.

Жұмабаев Бекен – серi. Ұлы казақ ақыны Мағжанның әкесi. Бекен Жұмабаев Петропавл каласының орталық демалыс саябағында жерленген. Бекен Қызылжар қаласының көпесi Керей Ашiрбектiң қызына Гүлсiмге уйленген.

Оның жағдайы орта, әдiл, беделдi болған. Бекеннiң жетi ұлы болған: Әбумүслiм, Қахарман, Мағжан, Мұхаметжан, Салтай, Ғалижан, Сабыржан және екi қызы Күләндән және Гүлбарам.

1930 жылдан бастап Бекен ауылында кедейлiк орын алды. Бекеннiң балалары елдiң барлық өңiрiне жiберiлдi. Ауылдың орнына «Келiмбет» колхозы ұйымдастырылды. Бекеннiң мүлкi түгелiмен тәлкiленген болатын. Мағжанның әкесi Бекен және анасы Гүлсiм балаларымен байланыстан қалып, Салтай және оның жұбайы Бибiзайыптың қолында қалды. Тәлкiден кейiн Бекен елден кетуге бел буды. Ұлы Салтай әкесi және анасымен Қырғызстанға кетедi. Олар, Қалижан мен Сабыржан оқыған Фрунзеге (қазiргi Бiшкек) қиындықпен жетедi. Екi ұлы да Кеңестiк Қырғыз елiне жақсы орныққан. Олар өз ата-аналарына қамқор болды. Бiрақ бiраз уақыт өткен соң Бекен сырқаттанып қалды және 1931 жылы аштыққа байланысты, барлығынан айырылғаннан кейiн Петропавл қаласына оралды. Бибiзайып келiнiнiң айтуынша: Өзбекстанда тұрған кезде әкесi жиi ауыра бастады. Бiрде былай айтқан екен: «Менi үйiме апарыңдар, туған жерiме бару керек.» Осылай Бекен атам менiң ағаларыммен поезбен Қызылжарға кеттi. Қызылжарда Әбумүслiмнiң үлкен ұлы Махмұдтың үйiне барған. Жас жiгiт оны танымай сұрақ қойғанда: Бекен былай деп жауап қатты: «Сен қалай өз әкеңдi танымадың?» Содан кейiн баласы атасын көтерiп алды да үйге кiргiздi. Сол үйде үш күннен кейiн Бекен жан тәсiлiм еттi. Ол мұсылмандық зиратқа жерлендi (қазiргi Петропавл қаласының мәдениет және демалыс саябағы).

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button