Шығыс Қазақстан облысы

«БЕРЕЛ» ҚОРЫМЫ – «ПАТША АЛҚАБЫ»

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында, Берел ауылынан 7 км және Өскемен қаласынан 450 км қашықтықта орналасқан

Біздің өлкемізде орналасқан б.з.д. І мыңжылдықтың ортасы мен екінші жартысындағы мәдени-тарихи процестерді қайта жаңартуда Берел қорымының қазба материалдары ерекше рөл атқарады. Ескерткіш осы жерден табылған көшпелі ақсүйектердің жерлеу орындары мен скиф-сібір аң стиліндегі аса көркем бұйымдарының арқасында дүние жүзіне танылды. Әлемдік ғылыми қауымдастық 1999 жылы Берелдің қазба жұмыстарын «өткен 20 ғасырдың археологиялық сенсациясы» деп анықтады.

Ежелгі көшпенділер өздерінің жоғарғы көсемдерін жерлеу үшін Алтайдың сұлулығы тамаша бұрышын кездейсоқ таңдаған жоқ. Қорғандар орналасқан алқап жерде едәуір көтеріліп, барлық жағынан биік таулармен шектеседі. Ежелгі мифологиялық көзқарастарына сәйкес, таулар ерекше мәнге ие болған, себебі құдайлар олардың шыңдарында өмір сүретіндіктен, ата-баба рухтары жоғарғы әлемге кетеді. Қорған – терең символикалық мағынаға ие тауларда, жоғарғы және төменгі әлемді байланыстыратын өзеннің жағасында орналасқан. Алқап пен қорғанның өзі ғибадатхана қызметін атқарды. «Берел» археологиялық кешенінде 100-ден астам әр түрлі көлемдегі мемориалдық құрылымдар бар. Ежелгі тұрғындар өздерінің билеушілері үшін үлкен қабірлер тұрғызған. Онда марқұмдардың денелері ұзақ уақыт бойы бұзылмай сақталған. Олар бальзамдау құпияларына ие болған және олардың тас конструкцияларын құру тәжірибесі қорғанның жерлеу камерасында мәңгілік мұз линзасының пайда болу мүмкіндігін ескерген. Мәңгілік мұзда сақтар көшпелі қоғамының жоғарғы ақсүйек өкілдерін басқа өмірге ертіп барған киім, ат әбзелдері мен ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқым мен мата, ағаш ыдыс, тері мен киізден жасалған бұйымдар жақсы сақталған. Бұл ескерткіштердің бірегейлігі.

Ең үлкен қорғанға билік еткен адамдар – ерлер мен әйелдер жерленген; оларды балқарағайдан жасалған ағаш табыттың ішіне салған. Қасына 13 жылқы орналастырылған. Жылқыларды ер-тоқымға байлап, кейбіріне тау ешкісінің мүйізімен жасалған ағаш маскалар кигізген. Ат әбзелдерінің бөлшектері ағаштан жасалып, ою-өрнектермен безендірілген және алтын фольга мен қалайымен қапталған. Жылқылардың әшекейлеріне түсірілген жануарлардың суреттерінің ішінде мысық тектес жыртқыштар, тау ешкілер мен қошқарлар, бұғылар, жыртқыш құстар және фантастикалық гриффиндер бар. Ерекше тартымдылығымен мүйіз маскадағы қанатты аттың ілмек тәрізді құрылғыны пайдаланып жасалған фигурасы. Өндірістің жоғары технологиясы, суреттің өзіндік түсініктемесі және түстердің таңдалуы таңқаларлық. Фантастикалық жолбарыс-гриффиннің алып ағаш фигурасы көсемінің немесе патшасының стандартты символикалық атрибуттары ретінде есептеледі. Қазіргі кезде бұл ежелгі сәулетшілердің іс-әрекетінің арқасында пайда болған мәңгі мұзды су астындағы жалғыз ескерткіш.

2016 жылы ескерткіш облыс әкімдігінің «ШҚО археология саласындағы 2016-2018 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» жобасына енгізілді. Қазба жұмыстары № 2 және №19 қорғандарда жүргізілді. Нәтижесінде № 2 қорғанның бірегей қазба жұмыстарының музейленуі болды.

Ескерткіштің бірегейлігі: Берел қорымының археологиялық зерттеулері бүкіл әлемге ежелгі жылқы дәуірінің жарқын мәдениетін көруге мүмкіндік берді. Ұлы даланың ежелгі көшпелілерінің еркіндікті сүйетін тайпалары ұрыс қаруы мен тактикасын үнемі жетілдіріп отыратын үздік салт аттылар мен шебер жауынгерлер ғана емес, сондай-ақ білікті шеберлер болған. Қару-жарақ, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар, киім-кешек, ыдыс-аяқ безендірілген ерекше аң стилі ежелгі шығыс шеберлеріне үлгі болды.

Берел олжаларының сирек сақталуы олардың ерекше ақпараттық құндылығына әкелді. Олар б.з.д. ІV-ІІІ ғғ. скиф-сақ тайпаларының материалдық және рухани мәдениетін: костюм, бас киім және шаш үлгісін, кесте сюжетін; көшпенділердің діни-мифтік түсініктері мен салттық тәжірибесін, мал шаруашылығын жүргізу тәсілдерін, тұрғын үй, еңбек құралдары мен тұрмыстық заттар, қару-жарақ пен сауыт салуды қайта жаңғыртуға мол мүмкіндік береді. Көшпенділер б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында әзірленген ат әбзелдерінің заттары қазақтардың көшпелі қоғамында соңғы уақытқа дейін елеулі модификацияларсыз болған.

Ежелгі көшпенділер мен қазақ мәдениеті арасындағы сабақтастық мұсылмандыққа дейінгі әдет-ғұрыптар мен нанымдарда, эпикалық аңыздарды жасау дәстүрлерінде, миф шығаруда, қоршаған әлемге жүйелі білім мен көзқарасты қалыптастыруда руханилық саласында айқын көрінеді

Басқа материалдар

Back to top button