Түркістан облысы

Күлтөбе (Яссы) қалашығы б.з. І мыңж. ортасы – ХІҮ ғ

Яссы қалашығының іргесі (Түркістан, Күлтөбе) – V-VI ғасырларда қаланған, Қазақстанның көне қалаларының бірі. Түркістанның ежелгі аты – Яссы. Қалашық Түркістан қаласының аумағында орналасқан. Археологтар ертедегі Яссаның орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. Күлтөбе – еліміздегі көне қалалардың бірі. Күлтөбе сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік болып келеді. Түркістан қаласының бертінгі ортағасырлық тарихының соңғы кезеңінде, бәлкім, ХІХ ғасырда Күлтөбе қыраты, бүкіл Оңтүстік рабат сияқты, бекініс қабырғаларымен қоршалғандықтан, Күлтөбе ортағасырлық Түркістанның әскери құрылыс жүйесіне жатады. Түркістан тарихы тап осы жерден басталады. Есім ханнан бастау алып, XIV-XVIII ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде қаланған.

Түркістан қалашығы ертеде Шауғар деп аталған. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қала тіршілігі құлдырап, қараусыз қалады. Осы кезде округ орталығы Яссы қаласының атауын «Түркістан» деп өзгертуге тура келеді. Түркістан қалашығы сол уақыттарда ірі сауда жолдарының бірі болған. ХІІ ғасырда мұнда ақын, дегдар ойшыл, сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауи өмір сүріп, осы жерде дүниеден өтеді. Ол сауда жолдары қиылысында орналасқандықтан, ұзақ уақыт бойы өңірдің саяси және мәдени орталығы саналды. Әрі қаланың сыртында және ішінде орналасқан көптеген көрнекті діни ғибадатханалардың арқасында ортаазиялық мұсылмандар үшін қасиетті қала – кіші Мекке атағына ие болды.

Бүгінде қаланың тарихы орталығының аумағы 88,7 га құрайды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде кесене ғимаратына солтүстік-шығыстан жалғасқан және қамал қабырғаларымен шектелген қалашықтың бөлігі оның орталығы – қамалы болғаны анықталды.

Басқа материалдар

Back to top button