Солтүстік Қазақстан облысы

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ НЫСАНДАР

Орналасқан жері: Мағжан Жұмабаев атындағы аудан, Молодежная мекенінен 2 км жерде

1993 жылы  Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдығына орай орнатылды.

 

Аңызы:Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 19051910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін,Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 19101913жылдарыУфа қаласындағы“Ғалия”медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында“Шолпан”атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ”журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 19131916 жылдарыОмбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсенеараласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкіл ресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі бойынша Бүкіл ресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Үшжүз партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бірайға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпы қазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалықетті.

19181919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмететті. 1919 – 1923 жылдарыАқмола губерниялық “Бостандықтуы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істепжүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

19231927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркем өнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жеке танысып, көпшілігімен достыққарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынғаұ шырады.

1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылыТашкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.

Жұмабайұлы 19271929 жылы Бурабайда, одансоң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.

1929 жылы Жұмабайұлы Алқа атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.

Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқуісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аудармаісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

 

Мағжан Жұмабаев музейі.

 

1989 жылы Сарытомар орта мектебінде бір бөлмеде Мағжан Жұмабаевқа арнайы музей ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастурышы – Көжекпаев Ерік Қаскейұлы. 1993 жылы мектепшілік музей салынды. 2008 жылдың 17 қаңтарынан бастап мектепшілік музей МКҚК «Мағжан Жұмабаев музейі» болып өзгертілді.

«Мағжан Жұмабаев музейі» экспозициясы Мағжан Жұмабаевтың өмірі, әдеби шығармашылығы? Қалған әдеби мұрасы, қызметі негізінде құрылған. Музейдің негізгі жұмысы – ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отыра өскелең ұрпақтын, азаматтық, патриоттық сезімдерін қалыптастару, ата-мекеніне, туған жеріне, тарихына деген қызығушылық арттыру негізінде жұмыс жүргузіде.

Ақпарат көздері:

 

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Аймауытов Ж., Мағжанның ақындығы туралы. “Лениншіл жас” журналы, ғ5, 1923; Тоғжанов Ғ., Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы, М., 1926; Тоғжанов Ғ., Әдебиет және сын мәселелері, Қ.-О., 1929; Мұқанов С., XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-бөлім, Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі, А., 1932; Мағжан Жұмабайұлының, Ахмет Байтұрсынұлының және Жүсіпбек Аймауытұлының творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы. “Социалистік Қазақстан” газеті, 1988, №298; Елеукенов Ш., Мағжан, А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995.

Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button