Түркістан облысы

Ноғай ишан мешіті ХІХ ғ

Созақ ауданы, Созақ ауылының орталығында орналасқан. Мешіт құрылысы 1876 жылы басталып, 1896 жылы аяқталған. Мешіттің ұзындығы – 34 метр, ені – 24 метр, биіктігі – 15 метр, дуалының қалыңдығы – 1,5 метр. Мешіт негізі үш бөлмеден тұрады. Мешіттің кіре-берісі бастырма сияқты жабылған екі шеті мұнара секілді кірпіштен өріліп, есіктері арка болып соғылған. Төбесі қаңылтырдан жабылған.

Шаһардағы орталық мешіттің татар имамы түс көреді. Түсінде: «Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әулеті шайһы Ахметті ұстаз тұт» дейді. Таңертең имам мешітке барып намазын оқып болғаннан кейін жамағатқа көрген түсін баян етеді. Имам дарияның өткеліне қарай барады. Оның соңынан біраз қауым ереді. Бұл өзен тасып арнасынан шығып жатқан мезгіл екен. Өзеннің арғы бетінен аттылы адам көрінеді. Ол өзеннің қарсы бетіндегі адамдардың үрейленіп шулағанына мән бермегендей болып тасып-тулап жатқан дарияға атымен жайбарақат түсіп, қиындықсыз өтіп келеді. Жүзінен нұр төгілген, көзінен ақылдылық пен мейірімділік сезілген жасы жиырмалар шамасындағы жас жігіт өзін күтіп тұрған қауымға келіп сәлем береді. Оның қоржынының екі басы толы кітап екен. Мешіт имамының көрген түсін естіген және тасып жатқан дария суынан ойланбастан қайықпен жүзгендей өткен кереметін көрген қауым бұл адамның тегін еместігін сезіп, байқайды. Имам: «Құрметті ұстаз, келуіңізбен!», – деп, аттан түсіріп, құрмет көрсетеді. Осы жерге келгендер шайһы Ахметті өздеріне ұстаз тұтады. Шайһы Ахметтің ендігі бағыты Созақ болады. Созақ халқы шайһы Ахметтің келе жатқанын алдын ала біліп, алдынан қарсы алады. Созаққа келіп орналасқаннан кейін мешіт салдырады. Созақ өңірінде аты әйгілі болады. Ишанның шәкірттері «Ханақа» деп атайды. «Ханақа» мешітіне мүридтері ұзақтан келіп, жалбарынып: «Айналайын «Ханақа» Жаным сенен садаға», – деп өздеріне медет, қуат іздейтін қасиетті орынға айналдырады.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button