Түркістан облысы

Қарабура әулие кесенесі ХІХ ғ

Созақ ауданы, Созақ ауылының орталық бөлігінде орналасқан. Қарабура әулие жөнінде жазба деректерден гөрі кейінгіге ауызша аңыздардың жеткені басым.

Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, Қарабура әулие – Қожа Ахмет Яссауи замандасы болған. Бура – аталық мал, келеге түсетін еркек түйу. 100 бұрын қазақ негізінен мал шаруашылығымен күнелткен халық болғандықтан туған даласында өсетін төрт түлік малды, сахарада жүгірген аң, ұшқан құсты қастерлеп, нәрестесіне есім етіп қойған; «Бура», «Қошқар», «Теке» деген есімдер ру атына шыққан. Сондықтан Бура есімін қастерлеп, қадірлеп, бекзат, текті тұқымнан шыққан ардақты адамдарына қоятын болған. «Қара» деген сөз көне ұғымда үлкен, киелі дегенді білдірген. Сыр бойын мекендеген қыпшақта Бура есімді хан өткені, ол оғыз Жиреншенің қайынатасы екені Әлкей Марғұланның дерегінде бар. Сондай-ақ есте жоқ ескі замандарда бура деп түйені емес, бұқаны айтқан көрінеді, оның түп негізінде – ортодоксальды діндерге дейінгі от пен суға табынған сияқты бұқаға табынған тым көне наным жатыр.

Қарабура – шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген оғыз-қыпшақ заманындағы діни қайраткер, әулие. Кіші жүздің Тама руынан шыққан. Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойында өмір сүрген. Қарабура сахара тұрғындарының арасында қалыптасқан өмірлік салттың шырқын бұзбай ислам дінін, оның наным-сенімдерін орнықтыруға атсалысқан. Ол сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауимен мүдделес болған. Қарабура аруағын иісі түркі жұрты құрмет тұтады. Оның Созақтағы кесенесі Орта Азия халықтары үшін киелі орынға айналған. Әулиенің басына түнеуді зиярат деп атайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button