Қызылорда облысы

ҚОРАСАН АТА КЕСЕНЕСІ, ХІХ ғасыр

Ислам құндылықтарының бірінің зираты. Қорасан ата (Әбдіжәлил баб) мен оның ұлы Хұсайын баба (Хұсайын Ғази) зираттары қазіргі Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан.

ІХ ғасырда Иран мен Тұран бағытында қазіргі Орта Азия мен Қазақстанға ислам дінін тарату мақсатында Әбдірахим Баб, Ысқақ Баб және Әбдіжәлил Баб бастаған топ жіберіледі. Әбдіжәлил Баб Иеменнің патшасы болатын.

Ол ондаған мың қолмен Исфахан, Тебрих, Мазандаран, Балх шаһарларын басып алып, Иранның Қорасан қамалын қоршайды. Үш күн, үш түн шабуылмен бұрын ешкім ала алмай жүрген 32 қақпалы Қорасан қамалын басып алады.

Әбдіжәлил Баб иемденген жерлеріндегі халықты Ислам дініне кіргізіп, мешіт-медреселер салдырып, арабша сауатын ашып, мәдениетінің өсуіне де ықпалын тигізіп отырған. Қорасан өлкесіне де осындай игілікті тірліктер жасап отырған. Осылайша Қорасан ата атанады. Ол ірі қолбасшы, әрі жолбарыс жүректі батыр болған.

Тағы бір деректерге сүйенер болсақ сол заманда бауыры Ысқақ бабпен бірге, 150 мың әскермен дін жолындағы жорыққа аттанады. Ферғанаға жеткен  кезде үш бағытқа бөлінеді: бірі Қашқар мен Жаркентке, екіншісі Сырдарияның сол жағасымен Жетікентке және Отырарға, ал үшіншісі Сырдарияның оң жағасымен Шаш (Ташкент) және Исфиджап (Сайрам) шаһарларына қарай аттанады. Әбдіжәлил баб Ходжендті (Сырдың Өзгенті немесе Қырғыз Өзгент) қоршау кезінде қаза болады. Мұны естіген бауыры Ысқақ баб әскерімен келеді де Ходжентті алып, Өтеміс ханды өлтіреді. Тұрғындарына мұсылмандықты қабылдатады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button