Солтүстік Қазақстан облысы

ҚҰЛСАРЫ БАТЫРДЫҢ ЗИРАТЫ, 18-ғасырдың 2-жартысы

Орналасқан жері: СҚО, Есіл ауданы, Бұлақ ауылы

Құлсары батыр (1715-1776 жылдар) – Абылай хан серіктестерінің бірі, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Солтүстік Қазақстанда туған, өмір сүрген және  жерленген. Атығай руының Құдайберді әулетінен тараған,  достары мен  отандастары арасында өте беделді болған. Сонымен бірге ол әулие, емші және болжамшы болған. Ол туралы аңыздар бүгінгі күнге жетті. Есіл ауданының Бұлақ ауылының жанындағы оның зиратына шипа іздеген жандар еліміздің түк­пір-түкпірінен келіп тұрады.

Аңыз:Құлсары батыр (1708-1776 жж.) —Абылай ханның сенімді серігі, қоғам және мемлекет қайраткері. Солтүстік Қазақстанда туған, өмір сүрген және  жерленген. Атығай руының Құдайберді әулетінен тараған,  достары мен  отандастары арасында өте беделді болған.

Оның бүкіл ғұмырнамасы Абылай ханмен тығыз байланысты.Ол өмір бойы Абылайдың сенімді серігі,кеңесшісі ретінде орыс үкіметімен қарым-қатынастарда ханның тапсырмаларын орындап келген. ХVIIIғасырдағы құжаттарда Құлсарының есімі ықпалды басшы және мемлекет қайраткері ретінде аталды.

Құлсары шекаралас мемлекеттермен арадағы тату-көршілік қарым- қатынастарды барынша жақтаған.Осы ретте оның есімі  1739 жылғы Құжаттарда алғашқы рет кездеседі. Ол сол жылы Әбілмәмбет ханның ақ киізге отыру салтанатына қатысқан.

1742 жылдың тамыз айының басында Құлсары Орынбор қаласында Орта жүздің бір топ сұлтандары,батырлары және билерімен бірге орыс патшасына ант береді.

Бұдан кейінгі жылдары Құлсары Құлеке(1710-1771)батырмен бірге Абылай сұлтанның елшілері ретінде мемлекеттер арасындағы мәселелерді шешу үшін Ресей қалаларына бірнеше дүркін барды. Абылай сонымен бірге осы көмекшілерін шекара әкімдерімен өзінің және Орта жүздің Атығай руының атынан келіссөздер жүргізуге жолдап отырған.

Көреген де сұңғыла саясаткер Құлсары батыр отыз жылдан аса уақыт бойы Қазақ хандығын нығайту, оның сыртқы және ішкі саясатын қалыптастыру ісіне белсене қатысып келді.

Ол сондай-ақ қазақ руларының арасында бірлік пен бейбітшілік орнатуға бар жанын салып,өзінің беделімен және шешендік өнерімен ауызбіршілікке тартып,қантөгістерге жол бермеді.

Құлсарының тұрақты қоныс тепкен жері Қазақстанның солтүстік өңірі болды

Оның көріпкелдігі болған, төнген қауіп-қатерді күні бұрын болжай білген. Олардың алдын алып отырған және сырқаттарды індеттен айықтыра алған.

 

Ақпарат көзі:

Энциклопедия СевероКазахстанской области, «Арис» баспа үйі, Алматы, 2006

Басқа материалдар

Back to top button