Солтүстік Қазақстан облысы

СЫРЫМБЕТ МЕКЕНІ, XIX ғасыр

Орналасқан жері: СҚО, АйыртауауданыСырымбетауылынаноңтүстік –шығысқақарай 3 шақырымжерде

Сырымбет қонысы 19 ғасырдың ағаш сәулет ескерткіші, Уәлихановтардың рулық иелігі-қазақ ханы Абылайдың тікелей ұрпақтары. 1824 жылы 30 сәуірде Император Александр I жарлығымен Уәли ханның жесірі Айғанымға (Шоқан Уәлихановтың әжесі) қоныс салынды.

Аңыз: Уәлихановтардың қонысы XIX ғасырдығы орыс дворян игіліктерін еске түсіреді. Бұл жайдан-жай емес. Қоныс 1824 жылы 30 сәуірде Император Александр I жарлығымен және Батыс Сібір генерал-губернаторы П. Капцевичтің бұйрығы бойынша Уәли ханның жесірі Айғанымға салынды (Шоқанның әжесі). Дана және көреген Айғаным отырықшы өмірідің артықшылықтарын сол кезден- ақ түсініп, қыстауды орыс инженерлерінің сәулеттік жобасы бойынша тұрғызған.

Болашақ резиденцияның орны кездейсоқ таңдалған жоқ. 1822 жылдың күзінен бастап Сырымбет жері Шоқан Уәлихановтың әжесі, орта жүз ханы Уәлидің жесірі Айғанымның тұрақты қыстауы болып саналады. Осы жерде болған сәттен Сырымбеттің таңқаларлық әсемдігін түсінесің. Тауларды бойлай өскен қарағайлар ауылды желден қорғап қана қоймай, әдемілігімен көздің жауын алады.

Ш.Уәлихановтың балалық, жастық шағы осы әжесінің қонысында өтті. Болашақ ұлы ғалымның қалыптасуына үйдегі шығармашылық орта оң әсерін тигізді. Әжесінің арқасында қоныс тек қыстау ғана емес, сонымен қатар көрнекті ақындар, қызықты адамдар жиналатын орталыққа айналды.

Иелік толық құлдырау мен өртті бастан кешірді. Өрттеніп кеткен кешенді қайтадан қалпына келтірді. Дегенмен, кеңестің биліктің алғашқы жылдарында қайтадан жаңғырылып, құрылыс материалдары басқа ғимараттарды салуға жұмсалды. 1993 жыл қоныстың екінші ашылу жылы болып саналады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Үкімімен тарихи резиденция толығымен жөнделді. Дәлірек айтқанда, қайтадан тұрғызылды. Қоныстың ашылу салтанатына Сырымбетке үш елдің президенттері: Қазақстан Республикасы- Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан – Ислам Каримов, Қырғызстан – Асқар Ақаев келді. Кейінірек мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қарсаңында тұрғын үй және мешіт жөнделіп, ағаш шарбақ, қақпалар, есіктер мен терезелер ауыстырылды.

 

Ақпарат көзі:Уалиханова усадьба // Северо-Казахстанская область. Энциклопедия. — Издание 2-е, дополненное. — Алматы: Арыс, 2006. — С. 559. — 672 с.

Казахская ССР: краткая энциклопедия / Бас ред. Р. Н. Нұрғалиев. — Алма-Ата: Бас  ред. Казахской советской энциклопедии, 1991. — Т. 4: Язык. Литература. Фольклор. Искусство. Архитектура. — С. 534.

Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысы «Қазақ КСР республикалық маңызы бар  тарих және мәдениет ескерткіштері туралы»

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button