Түркістан облысы

Ұзын ата кесенесі ХІҮ ғ

Шардара ауданы, Ұзын ата ауылдық округінде орналасқан. Әмір Темірдің әмірімен XIV ғасырдың соңында тұрғызылған. Кесене толықтай күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.  Ақсақ Темірдің бас кеңесшілерінің бірі ретінде қасында еріп жүрген. Сыр бойы халықтарының ықыласына бөленіп, ел абызы, әлеумет қамқоршысы, әулие кісі атанған.

Ескі аңыз-әңгімелерде Ұзын атаның шын аты Асан ата деседі. Ата қонысы – Ұзын ата Тайпақ екен. Әр сөзі дуалы Асан қария Ақсақ Темірдің бас кеңесшілерінін бірі болса керек. Оның Ақсақ Темірге айтыпты деген сөзі ел аузында. Асан ата (Ұзын ата) дүниеден өткенде, байсалды кеңесімен, терең ойымен тәнті еткен бас кеңесшісінің қазасы қабырғасын қайыстырған Ақсақ Темір ол кісінің басына бір күннін ішінде кесене салдырыпты. Ұзын ата осы өңірді мекендеген халықтардың ыстық ықыласына бөленгендіктен әруақты қария, ел атасы – әулие кісі атанған. Зеңгі атадан бата алған екен деген де әңгіме бар. Көп жорықтардың бірінде осы өңірге айлап ат шалдырып, әскерін тынықтырған Ақсақ Темір Асан ата туралы әңгімелерге молынан қанығып, әруағына бас иіп, тағзым етіп, өзінің перзенттік парызын өтеуі ретінде бұйрық беріп, осы күмбезді салдырып кеткені жөніндегі деректер де жұрт жадында қалған. Әмір Темір қаламынан туған «Темір түзігі» атты кітапта: «Мен халықтың тіршілігін жақсы білдім. Зиялыларға бауырымдай, қарапайымдарға баламдай қарадым. Әрбір уәлаят пен әрбір қала тұрғындарының қам-қарекеті мен салт-дәстүріне бейімделдім…» деген жан сыры бар. Ақсақ Темірдің Түркістан топырағына бірнеше рет аяқ басып, Отырарға сан мәрте келгендігін тарих куәландырады. Сондай көптеген сапарларының бірінде Ұзын ата күмбезі бой көтеруі әбден мүмкін деп жорамалдауға болады. Ұзын ата күмбезі кай уақытта салынған дегенге келсек, оның XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың бас кезіне сәйкес келетіндігі туралы деректер бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button