Солтүстік Қазақстан облысы

ВСЕХСВЯТСКАЯ ШІРКЕУІ

Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ.,  Алтынсарин к., 271

Ғимарат  1890 жылдан  1894 жылға дейін салынды. Тақтыжарықтандыру рәсімі 1894 жылы өтті. Аңыз бойынша ғибадатхананың құрылысына ХХ ғасырдың  дін  тақуасы әулие Иоанн Кронштадтский батасын берген. Ғибадатхананың басты заты афон жазуының Иверская Божья Матерь иконасы. Бейне  киелі тауда салынғанын  иконаның беттік және артқы жағындағы  екі жазу растайды.

Аңыз:1885 жылы Петропавл қаласының билігі алдында  қалада жаңадан зират ашу мәселесі туындады. Киелі Вознесенье соборының жанындағы ескі зират ұлғайып кеткендіктен, қаланың солтүстік аймағында жаңа зиратқа арналған орын бөлінді. Сол жерде Барлық әулиелер құрметіне  шіркеу салу жоспарланды. Бұл жайында  1900 жылғы Омбы Епархиалдық Ведомосы журналы «Еперхия храмдары туралы анықтамалар» бөлімінде: «Всехсвятская мола шіркеуі 1890-1894 жылдары қалалық биліктің  және Петропавлкөпесі  Савва Исидорович Хлебников пен оның жұбайы Анна Дмитриевнаның қаражатына салынды» -деп жазған. Аңыз бойынша ғибадатхананың құрылысына ХХ ғасырдың  дін  тақуасы әулие Иоанн Кронштадтский батасын берген. Храм басында діңгектер секілдей 6  күмбез орнатылған кемеге келтіріліп салынды. Қоңыракхана  кіреберістің жоғарғы жағында болатын (қазіргі кезде сақталмаған). Омбы Епархиялық ведомосы  епархия ғибадатханалары туралы мәліметтер бергенде: «Всехсвятская мола шіркеуі кірісі жоқ. Капиталы мен жер суы жоқ. Шіркеудің жері жоқ. Шіркеу қызметшілері үшін  қалалық думамен өтеусіз пайдалануға  бөлінген  3000 шаршы жердеХлебников мырзаның қаражатына  бірқабатты  темірмен қапталған үй қаланды» деген.

Шіркеу жанында бір сыныпты, аралас шіркеу-приход мектебі болған. Мектеп қамқоршы В. И. Черемисинов көпестің қаражатына күтіп ұсталатын. Мұғалімі үй мұғалімі даипломы бар көпес қызы Наталья Алексеевна Соколова болатын. Мектепте 37 ер бала және 7 қыз бала оқитын.

Төңкеріліс кезінде Петропавлда барлық храмдан жойылып жабылған соң Всехсвяткая шіркеу жалғыз қалды (төңкеріліс кезінде қаладағы жеті шіркеудің  бесеуі бұзылды).

Всехсвятская шіркеуі жанында дін  тақуасы әулие Иоанн Кронштадтский құрметіне крест храмы бар.

Ғибадатхананың басты құндылығыафон жазуының Иверская Божья Матерь иконасы. Бейне  киелі тауда салынғанын  иконаның беттік және артқы жағындағы  екі жазу растайды.1898 жылғы бейнені Грециядан  бір бай петропавлдық қажы әкелген сияқты.

Ақпарат көздері:

Материалдар Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Солтүстік өазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынның, Петропавл қаласының әкімдігінің, ҚР Әділет министрлігі  Тіркеу қызметі комитеті  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  жылжымайтын мүлік орталығының қорларында сақталуда.

Ғимарат қорғауға Халық депутаттары кеңесінің облисполкомының (11.11.79 ж.№478) және  Петропавловск горисполкомының шешімімен (18.03.82 ж. № 115) қабылданды.

 

Әдебиет: ГАСКО Ф. 158 « Личный фонд Бенюха М. И.»

ҚР мемлекеттік мүлігін басқару комитеті (Расстегняев)

Морозов М. А. По Петропавловску. ­ Алма­Ата, 1981.

Морозов М. А. Петропавловск в дореволюционных литературных источниках. ­ Л., 1991.

Морозов М.А. Петропавловск – северные ворота Казахстана. – Омбы, 1993.

Северо­Казахстанская область. Энциклопедия. Алматы 2004 с. 393, 435­437

Скальский С.К. «Омская епархия», 1900 г.

Басқа материалдар

Back to top button