Павлодар облысы

АҚКЕЛІН» - ТАРИХИ-МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІ: М. ШОРМАНОВ КЕСЕНЕСІ МЕН ҮЙ-ЖАЙЫ

Мұса Шорманов 1818 жылы (барыс) жылы Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы академик Қаныш Сәтбаев атындағы ауылдың жанынан ағатын Ащы өзенінің бойында ауқатты Шорман бидің жанұясында дүниеге келеді. Мұсаның шыққан арғы түп-тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Болатқожа (Қаракесек), Қаржас деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Мұса Шорманов Қаржас Ұрпағы болып келеді.

Қаржастан үш бала туады: Құлыке, Ерім, Бегім. Осы тұстағы сөз орайында атап өтсек, Абылай ханның ақылшысы Бұқар Жырау Ерімнің шөпшегі болып келеді. Мұсаға бала күнінен атадан сіңген тектілік, шешендік қасиет дарыған. Мұса ауылдық медреседе қадымша оқып сауатын ашады. Соныме бірге ол өздігінен әкңесінің қызметінде жүрген тілмаштың көмегімен орыс әліппесін үйреніп, сол тілде бірсыдырғы түсініп сөйлейтін болады. Осындай жақсы дайындығы бар Мұсаны 1834 жылы Шорман би Сібірдегі жалпы білім беретін сол кездегі үлкен  оқу орны саналатын Омбының Азиялық әскери Гутковскийдың әскери отрядына жасаған ерекше көмегі үшін Мұсаға кезекті офицерлік сотник шені беріледі. Осы жылы жергілікті халықтың сайлауы негізінде Мұсаны Батыс-Сібір генерал-губернаторы, генерал-лейтенант  Г.Х. Гасфорд Баянауыл дуаның аға сұлтандығына бекітуге үкім шығарады. 1855 жылдың қаңтарында Мұса Шорманов император Николай-1 рұқсатымен алғашқы рет Петербург қаласына барады. Мұнда оған офицерлік дәреженің кезекті сатысы есаул шені беріледі.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button