Павлодар облысы

ИСАБЕК ХАЗІРЕТ КЕСЕНЕСІ

Хазіреттің кесенесі Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында орналасқан.Кесене 2010 жылы тұрғызылған.

Исабек ишан хазірет (1792-1871) – ислам дінін таратушылардың бірі, діни қайраткер, белгілі философ, ағартушы және Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ұстазы болған адам. Исабек ишан атымен мәлім болған Исабек Мұратқожаұлы діни ағарту ісімен айналысқан, осы өңірдегі бірден-бір діни жоғары лауазым – ишандық атағын алған. Ақкөл – Жайылма жерінде медресе ашып, мешіт тұрғызған. Исабек ишан XVIII  ғасырдың ортасында  осы ежелгі қалада білім алған.Оның ықпалымен Баянауыл аумағындағы ондаған адамдар Меккеге қажылыққа барған. Исабек ишан Хазірет ретінде халыққа ерекше қадірлі адам болды, мұны ел аңыз қылып айтады. Ерейментаудан Омбы бекінісіне дейін өмір сүрген қазақтар арасында үлкен беделге ие болды. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ұстазы Исабек ишан дүниеден озғанда ұзақ жоқтау жыр жазған екен: «Енді бізге табылмас сондай ғазиз, Хазіреті ишан дұғагөй Исабектей!».

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=101

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button