Павлодар облысы

ЖАСЫБАЙ ӨМІРҰЛЫНЫҢ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Жасыбай батыр Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасында жерленгенЖасыбай батыр Өмірұлы (шамаман 1716-1741)- жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың әйгілі батыры. Жауырыншы, құралайды көзге атқан мерген. Әкесі Өмір от ауызды, орақ тілді шешен, анасы – қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы болған.

Батыр жөнінде орыс ғалымы Н.Коншиннің жазбаларында, халық шежірелерінде, аңыз-әңгімелерде, батырдың өзіне арналып шығарылған «Ер Жасыбай» жыр-дастанында біраз мағлұматтар берілген. Соларға қарағанда, ол Олжабайдың жиені ғана емес, жауға бірге шапқан серігі, жақын досы болған. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан былай дейді: «1741 жылы Баянауылда болған шайқаста Олжабай, Жасыбай жасақтары жоңғарларды талқандайды. Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжабай қалмақтарды тегісімен жойған бір тау «Қалмаққырған» атанады».

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=104

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button