Қызылорда облысы

ҚАЗАН БОГОРОДНЫЙ ШІРКЕУІ (ХІХ ғ.)

христиандардың бас қосып, мінәжат етер негізгі орны. Қызылорда қаласында орналасқан. Ақмешіт бекінісі патшалық Ресей әскерінің келуімен Перовск бекінісі болып өзгертілді. Қоқандықтарды ығыстырған соң, Перовск бекінісінде христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, елеулі рөл атқарады. Бекініске шіркеу қажеттігі туындап, 1855 жылы жылжымалы шіркеу ашылды.

Оның негізін салушы поп Л.Гороховский болды. Ал қала христиандары үшін алғашқы тұрақты шіркеу 1863 жылы ашылды. Бұл шіркеу үйі 1868 жылы болған қатты жауыннан құлайды. Сол жылы күйдірілген кірпіштен қайта салынып, төбесі жабылған шіркеудін жана үйін пайдалануға береді. 1890 жылы шіркеудің жаңа ғимараты салына бастайды. Бұл құрылыс 1896 жылы пайдалануға беріледі.

Шіркеу кең тараған жобаның баламасы. Осыған ұқсас шіркеулер Астраханда және Ташкентте кездеседі.

Шіркеу 250-300 адамға арналған. Шіркеу ғимараты екі бөліктен тұрады: мінәжат етуге арналған зал және кіреберістен тұрады. Көлемі 17х28 м, биіктігі 18 м.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button